Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік аудит саласында жүргізілген реформалар бюджет қара­жатын тиімді пай­да­ла­нуға нақты нәти­же берді.


Сатып алу рәсімдерін жаң­ғырту шарасы 824 млрд тең­гені үнемдеуге әрі қайта бөлуге мүмкіндік жасап, үдерісті 3–6 есе жеделдетті. Нәтижесінде, мемлекеттік қаржының игерілу тиімділігі артты. Сонымен қатар жасал­ған шарттардың жалпы көле­мі 2 есеге өсті, отандық өнді­ру­шілерден сатып алу көлемі 1,5 есеге артты. Бұл – ішкі нарықты қолдаудың айқын көрінісі. Ал шағымдар санының 25 пайызға қысқаруы жүйедегі ашықтық пен тәртіптің күшей­генін аңғартады.

Мемлекеттік аудит жүйесі де алдын алу тетіктерін күшейтіп, 396 млрд теңге көле­­міндегі тиімсіз шығыстарға жол бермеді. Бюджетті онлайн-мониторингтеу арқылы түрлі алаяқтық схемалардың жолы кесіліп, шамамен 1 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды. Бұл бақылаудың заманауи құралдары қаржы тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

Бұған қоса «Қаржы орта­лығы» акционерлік қоғамы­ның қызметін трансформациялау аясында білім беруді қаржыландырудың бірыңғай «Bilimge» порталы іске қосылды. Жекеменшік мектептерді аккредиттеу құжаттарынан бастап, қаржыландыру мен төлемдерге дейінгі барлық үдеріс толық цифрландырылды.

Үдерістерді автоматтан­ды­рудың арқасында 765 жеке­меншік мектеппен жедел шарт жасалып, оның 656-сы 38 млрд теңгеге қаржы­лан­­дырылды. Ең бастысы, қар­жы­лан­дыру мерзімі 10–15 күнге дейін қысқарып, білім беру ұйымдары үшін қолайлы әрі ашық жүйе қалып­тасты.