Абыз ақсақал, күні кеше марқұм болған Асанәлі Әшімовтың екінші жары Бағдат актёр мен оның бірінші жары туралы құпиямен бөлісті.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Абыз актёрдің екінші жары Бағдат Әшімова бұрын еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті.

«Майра апа 1993 жылы кетті ғой, ауырған екен. Бір-екі жылдай ауырған. Өте сирек кездесетін ауру болған екен, склеродермия деп аталады. Бүкіл ішкі ағза біртіндеп желіне бастайды.

Сондай талпындым дейді, алып қалуға. Германияға дейін алып барған. Мәскеудегі Кремлевский ауруханаға алып барған. Дәрігерлер мыңнан бір адамда кездесетін, өте сирек кездесетін ауру болып шықты.

Содан кейін Германиядан аппаратпен алып келе жатқанда, содан оянбаған. Асекең тура сол кезде аппендицит болып өзі, ауруханаға түскен. Сонда Майра тәтенің берілгендігі — ол бір кездейсоқтық та емес, Алла Тағаланың өзі солай келтіріп тұр ғой.

Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған екен, Асекеңмен қоштасу үшін. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған, операциядан кейін. Сонда кетіп бара жатып та, менімен келіп қоштасып кетті деп айтады», — деді ол.