Қазнетте кішкентай бауыр мен әпкенің видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода кішкентай бала әпкесіне массаж жасап отырғаны көрінеді. Алайда бірнеше секунд сайын тоқтап қалып, қайта жалғастырып отырады. Ал кішкентай қыз бауырына тағы да массаж жасауын сұрап, екеуінің балалық әңгімесі көрермендердің көңілін елжіреткен.

Желі қолданушылары балалардың бір-біріне деген қамқорлығы мен шынайы қарым-қатынасына тәнті болған. Видео соңында екеуі қатар жатып қалған сәт көпшілікті ерекше әсерге бөлеген.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Бұл — мен көрген ең сүйкімді видеолардың бірі», – деп жазса, енді бірі роликтің көңіл-күй сыйлағанын айтқан.