Соңғы 10 жылда жер-жаһандағы 3000 миллиардердің байлығы 6,5 триллион долларға артқан.
Сонымен қатыр, ең бай 1% адамның байлығы кем дегенде 33,9 триллион долларға көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Аталған зерттеуді Oxfam қайырымдылық ұйымы жүргізген. Олар бұл қаражат "жаһандық кедейшілікті 22 рет жоюға жеткілікті" деп атап көрсеткен. Демек, осы арқылы қаражаттың қаншалықты қомақты екенін байқауға болады.
– Британиядағы миллиардерлер саны 1990 жылы 15-тен 2024 жылы 165-ке дейін өсті, олардың орташа байлығы осы кезеңде 1000%-дан астамға өсті, – деп жазады Equality Trust.
Oxfam ұйымы миллиардерлер байлығының шамамен 0,3% тиімді салық мөлшерлемесімен төлейтінін, бұл қарапайым жұмысшыларға қарағанда әлдеқайда төмен екенін мәлімдейді.
Былтыр Испания, Бразилия, Германия және Оңтүстік Африка G20 саммитінде теңсіздікті азайту және мемлекеттік кірістерді ұлғайту мақсатында өте ауқатты адамдарға 2 пайыздық салық салу туралы ұсынысты мақұлдаған болатын.
Елдер басқа үкіметтерді де бастаманы қолдауға шақырады, сол арқылы аса байларға салынатын салық цифрлық экономикаға салық салу бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерді және трансұлттық компаниялар үшін корпоративтік салықтың жаһандық ең төменгі мөлшерлемесін 15 пайызға дейін көтеру күш-жігерін толықтыратынын жеткізген.
Испания, Бразилия, Германия және Оңтүстік Африка өкілдері "салық жеңілдігін" пайдаланумен күресуге шақырады және бұл салық Монако немесе Джерси сияқты жерлерде тұруды қалаған, десе де Ұлыбритания немесе Франция сияқты ірі экономикаларда ақша табатын миллиардерлердің салықтан жалтаруын болдырмау үшін жасалған.
Oxfam сауалнамасы адамдардың 86 пайызы бай және ірі корпорацияларға "салық жеңілдігін" пайдалануға мүмкіндік беретін "саңылауларды жабу" арқылы мемлекеттік қызметтердің шығындарын жабу идеясын қолдайтынын көрсетіп отыр.