Аралас жекпе жек шебері, сүрбойдақ Қуат Хамитов желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуат "Найманға" хиджаб киетін қыздар ұнайтын болып шықты.

"Соңғы уақытта үйлену туралы ойлап жүрмін. Бірақ айналамдағылар қыздардың бәрі бұзылған дейді(бірақ мен келіспеймін). Сондықтан ендігі үміт хиджабтағы аруларда. Сондай-ақ орамалдағы қыздарды баяғыдан бері ұнататыным тағы бар", — деді ол.

Жекпе жек шебері артынша тағы да жазба жарияап өзі туралы мәліметпен бөлісе кетті.

"Сен қандай адам болсаң, əйелің де сондай болады дейді ғой, міне, солай. Мен өмірімде алкогольді, темекіні, насыбайды, тіпті кальянды ешқашан аузыма жақындатып көрген емеспін және ұстап та көрмедім! Мен өмірімде бір де бір әйелді ұрып-соғып, балағаттаған жоқпын. Жастайымнан еңбектеніп, жұмыс істедім. Дипломды өз күшіммен алдым, оқып жүргенде қатар жұмыс істеп, спортпен айналыстым. Қазір менде бар нәрсенің барлығын адал еңбегіммен таптым. 40-қа жуық кәсіби жекпе жек өткіздім!", — деді ол оқырмандар сынына.