Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде айында Алматы қаласында шетелдік әріптестерімен бірлесіп, киберқылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты .
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз қол жеткізіп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан.
Кейін зардап шеккен тараптардан деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.
– Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін қолданылған заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, – деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметінен.