Биыл 16 қыркүйектен бастап елімізде неке бұзу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Kazinform.

2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Атап айтқанда аталған кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақша енгізілді:

"Егер ерлі-зайыптының біріне құзырлы органдар халықаралық іздеуге жарияласа, сот санкциясымен халықаралық іздеу мерзімі 3 жыл толғаннан кейін неке бұзылады", — делінген құжатта.

Осыған ұқсас толықтыру некені сот арқылы бұзу тәртібін реттейтін кодекстің 238 және 241-бабына да енгізілген.

"Егер жұбайы ұзақ уақыт бойы жасырын жүріп, халықаралық іздеуде болса, екінші тарап оның қатысуынсыз сотқа жүгініп, некені ресми түрде бұза алады", — деп түсіндірілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз