8 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Әбдірәсіловті Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

Арман Әбдірасылов 1980 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы аталған университеттің Математика және механика ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.

2002 жылғы мамыр мен 2012 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық орталығында инженер болып жұмыс істеді.

2013–2020 жылдары – "Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы" заңды тұлғалар бірлестігіне қарасты компаниялар тобының директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы тамызда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Соңғы жылдары "Brain Trust" ЖШС-нің басқарушы серіктесі қызметін атқарған.

Бұған дейін Марғұлан Баймұханның Таиландтағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалғаны хабарланған болатын.