Дженнифер Лопес командасындағы әртістер желіде фото-видео жариялап, Алматыға келгенінен хабар берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әртістер Instagram желісіндегі аккаунттарында сторис жариялады. Мысалы Лопестің бэк-вокалисі Шэрон Янгблад желідегі оқырманынан кеңес сұрады.
"Қазақстан! Біз бүгін қайтып келдік. Бүгін және ертең Алматыда боламыз. Сондықтан қалада не істеуге болады, қай жерге баруға, не көруге болатыны туралы кеңес беріңіздерші. Алматыда қандай қызық оқиғалар болып жатыр" — деп сұрады ол.
Дженнифер Лопес командасының тағы бір мүшесі Ханна Маргесон өз сторисінде жеміс салынған ыдысын көрсетіп, "Біз оралдық, Қазақстан!" деп жазды.
Тағы бір топ мүшесі Дэйв Кабрера қонақ үйдегі бөлмесінің терезесінен тау көрінісін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 10 тамызда өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз