Жыл сайын елімізде коммуналдық қызмет бағасы 20-30 пайызға қымбаттап отырады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында тарифтер өседі дейді Табиғи монополияны реттеу комитетінің төрағасы.
Түбіртектегі сомаға 3 мың мен 7 мың арасында ақша қосылады. Мәселен, қазір бір бөлмелі пәтерге орташа төлем 25 мың теңге болса, келесі жылы бұл сома 30 мың теңгеден асуы мүмкін.
Дегенмен үкімет тарифті күрт қымбаттатып, халықтың қалтасына салмақ салмау үшін бұл саланы мемлекеттен субсидиялауды жоспарлап отыр. Арнайы дайындалған жүйе бойынша, коммуналдық қызмет тарифіне жөндеу және жаңарту мақсатында алынған қарыздың бір бөлігі қосылады.
"Тарифке түсетін қысымды азайту үшін республикалық бюджеттен субсидия бөлініп, сыйақының бір бөлігі өтеледі. 10 пайыз сыйақы тарифке қосылады, ал одан жоғары мөлшерлеме мемлекет есебінен субсидияланады. Осылайша біз тарифтің күрт өсуінің алдын аламыз", — дейді Табиғи монополияны реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз