Вашингтонда Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, қырық жылға жуық қанды қақтығыстардан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан кездесуде бейбітшілік келісіміне қол қойды.
"Бүгін біз Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнатып жатырмыз. Бүгін біз жаңа ұлы тарихты жазып жатырмыз", — деді Әлиев.
Ал Армения премьер-министрі келісім "бейбітшіліктің жаңа тарауын ашатынын" мәлімдеді.
"Біз бұрынғыдан да жақсы тарихтың негізін қалап жатырмыз", — деп қосты ол.
Баспасөз мәслихатында АҚШ президенті де сөз сөйледі.
"Бұл елдер әскери қимылдарды біржола тоқтатуға, сауда, саяхат және дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттенеді", — деді Трамп.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз