Атырауда Жайық өзенінде суға батып кете жаздаған адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қаласы Тұрғындар қалашығы тұсында Жайық өзені бойында кезекті күнделікті профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Демешов Жантөре Сәндібекұлы 1976 жылы туған азаматты құтқарып қалды.

Оқиға "Малибу" жағажайында болған.

Тұрғын суға шомылу кезінде суға батып кете жаздады.

Абырой болғанда, майор жедел әрекет етіп, оны құтқарып қалды.