Алматы әкімдігі 10 тамызда қалада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне дайындалу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мегаполистің Орталық стадионында әлемдік жұлдыздың ертеңгі концертіне соңғы дайындықтар жүріп жатыр.

Күні-түні жұмыс істеп жатқан 220-дан астам маман көпдеңгейлі сахнаны құрастырып, жарық пен дыбыс жүйелерін орнатып, фан-аймақтар мен VIP-кеңістіктерді жабдықтауда.

10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендерге Джей Лоның керемет шоуын сыйлауға толықтай дайын", — делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, 10 тамызда Алматыда әлемдік деңгейдегі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осы орайда тұрғындарға кей жолдар жабылатыны ескертілді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз