Ол қуанышты сәтті желіде бөлісті.

Қазақстанның танымал шахматшысы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік өміріндегі ең қуанышты жаңалығын жариялады – ол алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қуанышты сәтті желіде бөлісті

Жансая Әбдімәлік бұл жаңалығын Instagram парақшасында хабарлап, жүктілік кезіндегі әсерлі суреттерін жариялады.

«Сен менің жүрегімде болған кезде, мен сені әлі кездестірмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым», – деп жазды шахматшы.

Бұл жазба желі қолданушыларын бірден тәнті етіп, жүздеген құттықтау пікірлер мен жылы лебіздер қалдырылды.

Жас отбасының тарихы

  • Жансая Әбдімәлік – Қазақстанның ең табысты шахматшыларының бірі, халықаралық гроссмейстер.
  • Жұбайы – Нұрахмет Нұриев, 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
  • Жас жұп 2023 жылы шаңырақ көтерген. Бұл – олардың алғашқы баласы.