10 тамызда Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасының акваториясы мен жағажайларын патрульдеу барысында демалушыларға бес рет көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, алдымен қызметкерлерге үрлемелі тақтада төрт адамды жедел түрде құтқаруға тура келді. Олар қатты толқындардың салдарынан жағадан алысқа кетіпті. Барлығы құрлыққа аман-есен жеткізілді.
"Тағы 4 бөлек эпизод демалып жатқан ересектердің бақыламауы нәтижесінде орын алған балалардың жоғалуымен байланысты болды. Осылайша 2022-2017 ж.т. 4 бала табылып, олар ата-аналарына аман-есен табысталды",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Айта кетейік, ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Көкшетау тауында өзін жайсыз сезінген туристке құтқарушылардың жедел көмекке келгендігін жазғанбыз.