Халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті қазақстандық 10 тамыз күні ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді.

Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

«Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.