Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында өрт шықты. Оның жалпы ауданы 70 шаршы метрге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келген кезде асхана өртеніп, оттың 20 тонналық екі контейнерге ауысқаны анықталды.
"Сөндіру кезінде дрондар пайдаланылды. Олардың көмегімен өрт сөндірушілер таралу ошақтары мен жоғары температура орындарын анықтады",- делінген ақпаратта.
Атап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, кәсіпкерлердің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, екі газ баллоны эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бұған дейін Ташкенттегі ірі базардың толығымен күлге айналғандығын жазған болатынбыз.