Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада "Ақылды қала" ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.
"Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Осы орайда Үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырды", деп жазады желідегі парақшасында Руслан Желдібай.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізген болатын.