АҚШ президенті Дональд Трамп 11 тамызда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуі түпкілікті емес екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бөлек ол тағы мыналарды айтты:

  • Трамп Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды айтатынын жеткізді. "Сонымен, мен Владимир Путинмен сөйлесіп, оған: "Сіз бұл соғысты тоқтатуыңыз керек, оны аяқтауыңыз қажет", деп айтамын", — деді ол.
  • Трамп келіссөздер барысында Ресей мен Украина арасында территориялармен алмасу болатындығына сенетінін растады.
  • Сондай-ақ ол Аляскада Владимир Путинмен кездескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Трамп Зеленскийдің кездесуге қатысуы мүмкін екенін мойындады.
  • Трамп Мәскеумен арада сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті және "Ресей Федерациясы өте құнды жер ресурстарына ие" деп сөзін толықтыра кетті.
  • Трамптың айтуынша, ол кездесудің алғашқы минуттарында-ақ Украина бойынша мәмілеге келуге болатын-болмайтынын түсіне алады.

Бұған дейін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.