2025 жылғы 10 маусымдағы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енгізілген толықтыруларға сәйкес Агенттікке үш жаңа функция берілді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, бірыңғай қазынашылық шоттағы уақытша бос бюджет қаражатын орналастыру тәртібін келісу;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, мемлекеттік қазынашылықпен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторының және (немесе) екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде, сондай-ақ басқа да қаржы құралдарында орналастыру мерзімдері мен көлемдерін келісу тәртібін келісу;
Бюджет саясаты, бюджет жоспарлау және бюджет орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп, бюджеттік тәуекелдер бойынша талдамалық есепті қалыптастыру және оны қалыптастыру тәртібін айқындау.
Жарлық 2025 жылғы 22 тамыздан бастап күшіне енеді.