Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Қазақстандағы гастролінен кейін бірнеше күн өтсе де, бұл ауқымды музыкалық шара желіде әлі де қызу талқыланып жатыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Мәселен, қазақстандық тұрғынның бірі VIP-аймақтан 200 мың теңгеге орын сатып алған. Ол мұндай бағаға сай жоғары деңгейдегі қызмет пен жайлылық күткенін де жасырмады.

Алайда, мәселе мынада – Лопестің өнерін сүйетін жанкүйрлер орындарды бөлісе алмай, олардың сөзталасы дерлік жанжалға айналып кете жаздаған.

"VIP билет алғандардың барлығы нағыз VIP деңгейіндегі жағдай күткен. Бірақ мені таңғалдырғаны – әйелдер жоқ орын үшін төбелесе жаздағаны", – дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ялита Ильясова (@yalita.ilyassovaa)

Желі қолданушылары бейнероликті көргеннен кейін наразылық пікірлерін қалдырып, тек ұйымдастыру деңгейінің төмендігін ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың тәрбие мәселесін де сынға алды.

  • Сіз комбо билет алыпсыз ғой. Концерт пен бірге төбелес те тамашалапсыз)
  • Алматыда неге жабайы адамдар көбейіп кеткен...
  • VIP билетке сай болса ғой шіркіндер)
  • Шала надан байыған жаман дейме
  • Ақшасы көп, санасы жоқ

Zakon.kz тілшісі аталған оқиғаға қатысты пікір алу үшін Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Белгілі болғандай "102" нөміріне қоңыраулар түспеген, ресми шағымдар бұл жағдай бойынша тіркелмеген.

"Сонымен қатар, болған жайттың мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілетін болады", – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 2025 жылдың 10 тамызында Алматыда Лопестің шоуына 20 мыңнан астам адам келді. Олардың ішінде 35-тен астам елден келген қонақтар мен сегіз мыңнан астам шетелдік турист бар.