Ақ үй өкілдері CNN телеарнасына Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуі штаттың ең үлкен қаласы Анкориджде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның хабарлауынша, демалыс күндері саммитті өткізетін жер іздеп әлек болған америкалық шенеуніктердің алдында күрделі мәселе туындады: жаз мезгілі – Аляскада туристік маусымның қызған шағы, сондықтан Аляскада әлемдік екі көшбасшыны қабылдауға лайықты нұсқалар аса көп болмаған.
Ақ үй кездесуді үш қалада — штат астанасы Джуно, Фэрбенкс немесе Анкориджде өткізуді қарастырды. Ақырында үшіншісі ең қолайлы нұсқа болып шықты.
"Қаланың солтүстік шетіндегі Эльмендорф-Ричардсон бірлескен базасы ғана тарихи кездесудің қауіпсіздік талаптарына жауап бере алады, дегенмен Ақ үй Ресей басшысы мен оның қасындағылар американдық әскери нысанның аумағында болмаса деп үміттенді.
Ақ үйдің өкілдерінің айтуынша, екі мемлекет басшысы жұма күні кездеседі", — делінген мақалада.
Телеарна "тәуекелі жоғары" мұндай кездесулердің алдында әдетте күн тәртібі мен оның нәтижелері бойынша ауқымды келіссөздер жүргізілетінін атап өткен. Бірақ Трамптың өзі бұл кездесуден үлкен үміт күтпейтінін, тек алдын ала "сынақ" ретінде қабылдайтынын айтқан.
Аляска көшбасшылар кездесетін жер ретінде "ұзаққа созылған сахнадан тыс келіссөздерден" кейін таңдалған деп мәлімдеген CNN-ге мәселемен таныс ақпарат көздері. Олар 2023 жылы Халықаралық қылмыстық соттың Путинді тұтқынға алу туралы ордеріне байланысты президенттер кездесетін ықтимал орындар аз екенін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз