Бүгін, 2025 жылғы 13 тамызда, шамамен сағат 11-де Алматыдағы Ташкент трактісінде Mercedes-Benz көлігі өртке оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көліктің (газ-бензин) жанып жатқанын анықтады. Төрт минут ішінде қызметкерлер жалынды толық сөндірді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@112almaty_tjd)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өрттің себебі анықталатын атап өтті.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы ТЖД-нің 12 қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылған.

Бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері қандай ауа райы күтілетіндігін жазғанбыз.