14 тамызға қараған түні УЕФА Суперкубогы үшін матч өтеді. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары – ПСЖ мен "Тоттенхэм" кездеседі. Шешуші ойын Италияның Удинезе қаласындағы "Блюэнерджи" стадионында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Француз және ағылшын клубтарының кездесуін португалиялық бас төреші Жоау Педру Пиньейру басқарады.
Бұған дейін "Тоттенхэм" мен ПСЖ ресми матчтарда жолықпаған. Дегенмен, сегіз жыл бұрын екі команда бір рет кездескен.
"Халықаралық чемпиондар кубогы" аясындағы жолдастық ойында француздар ағылшындардан 2:4 есебімен жеңілген.
Еуропаның екі топ-клубының шайқасы Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.