Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трампты ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл ақпарат Ақ үйдің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамптың кандидатурасын бірден жеті ел мен олардың басшылары қолдады. Олардың арасында Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брайс Олиги Нгема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанданың сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирех бар.

Айта кетейік, бұған дейін Трампты Нобель сыйлығына конгрессмен Бадди Картер ұсынған болатын. Ол Нобель комитетіне жазған хатында Трамп Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығысты тоқтатуға үлкен үлес қосқанын алға тартты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз