"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында 13 тамызда Қазақстанда жүктілік және босану бойынша жәрдемақы рәсімдеу тәртібінің жеңілдетілгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымда атап өткендей, бұрын бұл жәрдемақыны алу үшін болашақ аналарға жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, жұмыс орнынан анықтама, банк реквизиттері және басқа да бірқатар құжаттарды қамтитын көлемді құжат топтамасын жинау қажет болатын.

Төлемді рәсімдеу үшін бірнеше мемлекеттік органға бару керек еді және бұл көп уақыт алатын.

Енді рәсімдеу проактивті форматта, ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік төлемді алу үшін тек цифрлық жеке куәлік пен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жеткілікті. Жекелеген жағдайларда қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.