Астана, Алматы мен Шымкенте 14 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с дейін бармақ.
Астанада синоптиктердің болжауынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетеді, ал түнде 14 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы – 10,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз