Украина билігі ТМД-ға мүше мемлекеттердің "Төтенше жағдайлар туындаған кезде үшінші елдерден азаматтарын эвакуациялау барысында өзара іс-қимыл жасау туралы" келісімінен шығу жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК дерегінше, бұл туралы Украина Министрлер Кабинетінің Жоғарғы Рададағы өкілі Тарас Мельничук Telegram-арнасында мәлімдеді.
ТМД-ға мүше елдер бұл келісімге 1996 жылғы сәуірде қол қойған.
Келісімде төтенше жағдай туындаған кезде үшінші елдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша бірлескен іс-қимыл тәртібі белгіленеді. Құжатта мемлекеттердің ақпарат алмасу, өзара көмек көрсету, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін көлік пен ресурстарды пайдалану тәртібі айқындалады.
Бұған дейін Зеленскийдің Трамптың Ресеймен аумақтарды айырбастау туралы ұсынысына пікір білдіргенін жазғанбыз.