Қызылордада "Даму бала" бағдарламасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңге қаражатты жымқырды деген лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін "оң шешіп береміз" деген желеумен ақша бопсалағаны анықталды.
"Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды", — дейді ведомствоның ресми өкілі.
Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Ал оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз