Алматыда ақша толы сейфті шабаданға салып ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Алатау ауданында болған.
Алматы қаласы Полиция департаментінің ақпаратынша, жеке үйден ішінде қомақты қаражаты бар сейфті ұрлаған 33 жастағы күдікті, оны аумақтан шабаданға салып алып шыққан.
"Тергеудің қазіргі кезеңінде оның тағы бір осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Біздің мәліметтер бойынша, ол ұрлықты тек түнгі уақытта жасаған және қаланың басқа аудандарында да әрекет еткен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық мүмкін эпизодтарды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Айта кетейін, күдікті бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды", – деді, Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Әсет Көпешбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Бұған дейін Қазақстанда кеден қызметкерлері үшін жаңа киім үлгісі бекітілгендігін жазған болатынбыз.