Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова — Дарья Зелинскаяны ұтып кетті.

Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты — 6:1. Есесіне екінші сетте Сағындықова — Дмитриченко қарымта қайырды — 6:2.

Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді — 10:7.Аружан Сағындықова — Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова — Сабрина Олимжановамен ойнайды.