2025 жылғы 14 тамыз сағат 03:19-да "112" қызметіне Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өрттің жалпы көлемі 1200 ш.м. (шатырдың жануы) құрады.

Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді.

Өртте зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД-ның 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды.