Астана полицейлері 2025 жылғы 1 маусымнан бастап елордада өтіп жатқан "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара барысында 195 есірткіге қатысты құқықбұзушылық әшкереленіп, заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі заты тәркіленді.
Сондай-ақ медициналық мақсатта пайдаланылмайтын тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 80-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"28 "закладчик" ұсталды, есірткі жарнамасы бар 302 сайтты бұғаттау үшін шара қолданылды, екі миллион теңгеден астам қаражатқа байланысты 173 банктік шот бұғатталды", — деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы, 2025 жылдың басынан бері Астанада есірткіге қатысты 276 дерек тіркелген.
778 интернет-ресурс бұғатталып, түрлі түрдегі 400 келіге жуық тыйым салынған зат айналымнан алынды.