Бүгін, 17 тамызда Астана маңында жеңілмоторлы жеке ұшақ апатқа ұшырады. Көліктегі полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғадан екі адамның қаза тапқанын хабарлады.
UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — деді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, 17 тамызда Жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңілмоторлы кемесінің әуе оқиғасы орын алды. Көлік министрлігі арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына оқыс оқиғаларды тергеу бойынша департамент қызметкерлерді шыққанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз