Алматы облыстық соты Шерзат Полаттың өліміне қатысты cотталғандардың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Kazinform.
Басылым тілшісінің хабарлауынша, апелляциялық сот 8 айыпталушының өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысына сотталғандар қатысқан жоқ.
Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.
Биыл 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.
Сотталушылар:
— Абзал Шынасыл 23 жылға;
— Равиль Сакиев 20 жылға;
— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;
— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;
— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;
— Д.Ы. 1 жыл 6 айға сотталды.
Кәмелетке толмаған Д.Ы. шілде айында жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босатылды.
Қалған 8 сотталушы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз