Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлардың, ювеналды полицияның, криминалдық полицияның және көші-қон қызметінің қатысуымен түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы ПД мәліметінше, рейдтің мақсаты – түнгі уақытта тұрғындардың мазасын жиі алатын ойын-сауық мекемелерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылау.
"Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, ғимаратта кәмелетке толмағандардың болу ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды.Мысалы, барлардың бірінде тыныштықты және көші-қон ережелерін бұзуға қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.Тағы бір мекемеде осындай 2 дерек анықталды". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, темекі өнімдерін, кальян мен электронды шылымдарды шегуге тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі тіркелді.
"Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Алматы полициясы бұл бағытта жүйелі түрде жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарының иелеріне заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі клубтар мен барларда болуына жол бермеудің маңыздылығын еске саламыз", – деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Бұған дейін Қазақстанда теміржол желілерінің тозуы 57%-ға жеткендігі хабарланған болатын.