Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар қаладағы жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру мәселесін қарастырды.
Мынадай атаулар бекітілді:
- 101 — «Әуежай»;
- 102 — «Атамекен»;
- 103 — «Есіл»;
- 104 — «Мәңгілік ел»;
- 105 — «Астана жұлдызы»;
- 106 — «Нұра»;
- 107 — «Университет»;
- 108 — «Ұлы дала»;
- 109 — «Астана Арена»;
- 110 — «Жекпе-жек сарайы»;
- 111 — «Сығанақ»;
- 112 — «Бәйтерек»;
- 114 — «Министрлік үйі»;
- 115 — «Театр»;
- 116 — «Мыңжылдық аллеясы»;
- 117 — «Жібек жолы»;
- 118 — «Нұрлы жол».