Белгілі қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram желісінде ақжолтай хабармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары бесінші рет ана атанғанын айтты.
"Құттықтап жатқан әр жанған Алланың нұры жаусын! Жылы лебіздеріңізге мың алғыс!",- деп жазды ол Stories бөліміне жүктеген суреттің жазбасына.
37 жастағы Жұлдыз нәрестенің туған күнін де, жынысын да әлі жария еткен жоқ.
2025 жылдың 13 тамызында өнер иесі төрт баласымен бірге гендер-пати өткізген болатын. Дегенмен актриса соңына дейін нәрестенің ұл не қыз болатынын ашып айтпады. Бірақ қыздарының қуанышты реакциясына қарап, жанкүйерлер нәрестенің қыз болатындығын айтуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)