Степногорскіде анасы мен жеті айлық сәбиі жетінші қабаттың терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының жазуынша, қайғылы оқиға 2025 жылдың 19 тамызында таңғы шамамен 05:00-де болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел туыстарының үйінде қонақта болған.
“Ол қолындағы жеті айлық қызымен бірге терезеден құлап кеткен. Анасы мен сәбиі оқиға орнында көз жұмды”, – деп жазады басылым.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, тек Астананың өзінде ғана 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 59 жағдай тіркелген, оның 16-сы өлімге әкелген.