Әнші Мақпал Жүнісова желі парақшасында оқушы кезінде айтқан әнінің видеосын бөлісіп, көптің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әншінің оқушы кезінде ән шырқаған видеосын Instagram желісіндегі парақшада Жанар Еркөлқызы есімді қолданушы мен Мақпал Жүнісованың өзі бөліскен.
"Мақпал Жүнісованың 9 сыныпта орындаған әні!", — деп жазды видео сипаттамасына Жанар Еркөлқызы.
Видеода жүргізуші әнді орындаушыларды таныстырып өтеді: "Әнім сенсің, туған ел" деп аталатын әннің сөзін жазған Бәкір Тәжібаев, әнді орындайтындар — Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлектері Мақпал Жүнісова, Жанна Хасенова, Дина Қорғанова және автордың өзі.
Әнді тыңдаған желі қолданушылары мақтауларын жаудырды.
"Қазақ Радиосының сандуғашы Сауық Жақанова апайдың дауысы", "Қандай әдемі ән. Бірінші рет естіп тұрмын. Дауысыңыз енді бөлек қой", "Қандай әсем ән, қандай керемет орындау! Әй, Мақпал десе Мақпалсың ғой", "Кеудемді толтырып, көзімнен еріксіз жас кетіп жатыр! Ән қандай керемет! Тыңдай бергің келеді!", Қандай керемет әнші. Мамандырылған мектеп интернатының окушыларымен ешкім теңесе алмайды ғой. Өмірі музыка деген осы", — деп пікір қалдырды тыңдармандар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз