Алматыда Есентай өзенінің арнасына кірген көлік жүргізушілері сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Полиция заңбұзушылық жасаған көлік жүргізушілеріне қандай жаза тағайындалғанын Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.
"Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жүргізушілердің жеке басы анықталды. Тексеру қорытындысына сәйкес, олар ҚР ӘҚбК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен екі жүргізуші де 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін желіде бірнеше көліктің Есентай өзенінің арнасына кіріп кеткен сәтінен видео тарап, ел ашуын туыдрған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз