Абай облысындағы Бестерек ауылында қайғылы жағдай болды. Үйдің қасында ойнап жүрген балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды. Президенттің тапсырмасымен оқиға орнына бортында дәрігерлер бар Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАқпарат"агенттігінің хабарлауынша, 55 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Оқиға салдарынан үш бала көз жұмып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды. Тексеру нәтижесінде оның оқиға кезінде мас болмағаны анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында президенттің тапсырмасымен Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілгені туралы ақпарат жарияланды. Белгілі болғандай, С-295 әскери-көлік ұшағының бортында реаниматолог, нейрохирург және травматолог дәрігерлерден құралған арнайы медициналық бригада бар. Олар өңірдегі зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін жіберілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз