Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 тамызда өткен кезектен тыс конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланған.
Айта кетейік бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Кеңес Рақышев болған еді. Федерация Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғысын білдірді.
Ал Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланған Роман Алмаханұлы Төреханов 2024 жылғы ақпаннан бері ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз