Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform. kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Биылғы байқауда Австриялық әнші JJ (Йоханнес Пич) жеңіск
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы байқауда Австриялық әнші JJ (Йоханнес Пич) жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты дәстүр бойынша келесі байқауды жеңімпаз ел ұйымдастырады. Вена «Евровидение» байқауын үшінші рет қабылдайды — бұған дейін ол мұндай құрметке 1967 және 2015 жылдары ие болған.
Инсбрукпен бәсекеде Вена жеңіске жетті
20 тамыз күні, сәрсенбіде ORF ресми түрде Вена таңдалғанын хабарлады. Вена бұл мәртебе үшін Инсбрукпен жарысқан болатын.
ORF бас директоры Роланд Вайсманн былай деді:
— Вена да, Инсбрук те байқауды өткізу бойынша әсерлі тұжырымдамалар ұсынды. Алайда мұқият талдау мен қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі негізінде біз Вена ұсынысын таңдадық — ол тек инфрақұрылым мен логистика тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан да ең тартымды, — деді ORF бас директоры Роланд Вайсманн.