Кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үш балаға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Президенттің тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.
Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қаза болғандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі.
Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.