Биыл бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты еліміздің қай өңірінде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Федерацияның мәліметінше, бокстан Қазақстан біріншілігі 12-19 қазан күндері Семей қаласындағы "Абай арена" кешенінде өтеді.

Бұдан бөлек, қазақ боксшылары World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы толық жасақталғанын жазған едік.

Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова сияқты танымал боксшылар бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз