Қостанайда «Тобыл ойшылы» тас мүсініне ескерткіш орнатылды. Көнеден жеткен құнды жәдігердің үш метрлік алып көшірмесін ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов жасап шыққан.

Ұлтымыздың құнды мүлкі ретін­де мойындалған «Тобыл ойшылы» Қостанайдың ең ерекше жәдігерлерінің бірінен саналады.

«Тобыл ойшылы» 1976 жылы Тобыл өзенінің бойынан табылды. Ғалымдар көне мүсін осыдан 9 мың жыл бұрын жасалған деген болжам айтады. Антропоморфты ескерткіштің түпнұсқасы түрлі түйіршікті сұрғылт-қоңыр құмдақтан қашалған. Бойы 20 сантиметрден сәл ғана асады. Салмағы – 4 кг. Жәдігер 2022 жылға дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталып келді. Қазір Астанадағы Ұлттық музейде тұр.

Мүсіннің көшірмесін жасап шығу, орнату жағын жергілікті «Alpamys Group» құрылыс компаниясы қаржы­лан­­дырған. Нысанның маңа­йына жа­рық тартылып, жан-жағына Қоста­най қаласының тарихынан сыр шертетін түнде жанатын фотокөрме қойылған.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта мүсін маңында мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Қостанай облысы