Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар болсын, төлем тәсіліне қарамастан, тауарларды бір бағамен сатуға міндетті, деп хабарлайды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты комиеттің мәліметінше, тұтынушылар тауар сатып алу кезінде төлеу тәсіліне байланысты мәселеге тап болады, яғни тауар құны банк картасымен емес қолма-қол ақшамен төлесе төмен болады.

"Бұл сатушылар тарапынан осындай әрекеттердің заңдылығы туралы сұрақтар туындатады. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес, сатушылар, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар болсын, төлем тәсіліне қарамастан, тауарларды бір бағамен сатуға міндетті. Бұл картамен төлеу кезіндегі баға қолма-қол төлеу кезіндегіден жоғары болмайды дегенді білдіреді.

Қосымша, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы) тауарды сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында орналастырылған таңбада көрсетілген бағамен сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

Осылайша, картамен төлеу кезінде жоғары баға белгілеу тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады. Бұл тауарларға да, қызметтерге де қатысты", — деп түсіндірді комитет өкілдері.

Сатып алушылар не істеу керек?

Егер тұтынушыда тауардың бағасын төлеу тәсіліне байланысты мәселе туындаса, ол сатушыға бұзушылықты жою және келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабының 3-тармағына сәйкес, егер сатушы он күнтізбелік күн ішінде наразылыққа жауап бермесе немесе бұзушылықты жоюдан бас тартса, тұтынушы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

Бұл ретте өтінішті қарау кезінде пайдаланылуы мүмкін фото, бейне, аудио жазбалар мен чектерді дәлел ретінде сақтау қажет", — деп түсіндірді комитет өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз