"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 22 тамыз, жұма күнге ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанда аптап ыстықпен қатар кей жерлерде нөсер жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз мына өңірлерде аптап ыстық +35°С дейін жетуі мүмкін:

  • Алматы облысында;
  • Жетісу облысында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды – найзағаймен бірге жаңбыр, бұршақ, екпінді жел соғады, елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады… Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", — делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Республика оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар гидрометорталық өрт қаупі жөнінде ескертті:

  • жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысы мен оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе облыстарында күтіледі.