Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік мәліметінше, конкурсқа түскен өтініштер қаралып, қолданыстағы ережелерге сәйкес гранттарды бөлу рәсімі өткізілді.
"Биыл конкурсқа 20 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттар: "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", сондай-ақ "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", — делінген 21 тамызда таратылған хабарламада.
Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 23 тамызда ғылым және жоғары білім министрінің, ҚР ҒЖБМ мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады:
- https://t.me/SayasatNurbek,
- https://www.facebook.com/sayasat,
- https://www.instagram.com/sayasatnurbek/,
- https://sayasatnurbek.com/.
Айта кетейік, 2025 жылғы 7 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялаған еді.